Сарыағаш АІІБ-ның кезекші бөліміне аудандық ауруханадан хабарлама келіп түскен, онда жаралы жас қыздың жеткізілгені жайлы көрсетілген.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері анықтағанындай жәбірленушінің жасы 20-25 шамасында, белгісіз азаматпен жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. Қыз көмекке шақыра бастаған кезде күдікті жәбірленушінің ұялы телефонын өзімен бірге алып оқиға орнынан қашып кеткен.
Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті жасы 40-45 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.
Аталған жайт бойынша адам өлтіруге оқталу және қарақшылық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы