Телефон нөмірі туралы деректерді 2 мың теңгеге сатқан

32

Телефоныңызға күнделікті түрлі хабарлама келсе, қажетсіз қоңырау шалушы саны көбейсе, сіздің нөмеріңіз интернет базасына түскен болуы әбден мүмкін. Жеке дерегіңіз байланыс базасына қалай түсуі мүмкін, оның салдары қандай? Сақтану жолын білесіз бе?

Телефон нөмірлер базасы интернетте сатылады. Ал оны сатып алу 2 мың теңгеден басталады. Нөмір базасы әйелдер, ерлер және ауыл тұрғындары, қала тұрғындары болып бөлек-бөлек жасақталған. Тіпті нөмірді қолданатын адамдардың жас ерекшелігі сынды әртүрлі аудиторияға арналған база да жасақталған. Сатып алушылар номерлерге түрлі қызмет түрін ұсыну үшін қоңырау шала алады. Және басқа да түрлі мақсатпен сатып алатындар да бар. Цифрландыру министрлігі бұлай жеке деректерді тарату заңсыз дейді.

Ырысты Жалилханова, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы: «ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 79-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Рас, құқық бұзушыларды жауапқа тарту үшін, өзінің телефон нөмірін осындай мәліметтер базасынан тапқан жәбірленушінің өтініші қажет. Нөмірді біреу әшейіннен сатып алуы екі талай»

Мамандардың айтуынша, нөмірлер желіге әртүрлі тәсіл арқылы жүктеледі. Соның бірі интернет арқылы түрлі қызмет алғанда сақталып қалады. Сарапшылар мұндай қызмет үшін қосымша номер падйлануға кеңес беріп отыр.

Евгений Питолин, Киберқауіпсіздік бойынша сарапшы: «Егер сізге нөміріңізді бір жерде тіркеу үшін пайдалану қажет болса, оны негізгі нөміріңізден жасамаңыз, екінші SIM картаны сатып алыңыз, оны телефонға салыңыз және бір реттік тіркеу үшін SMS алу үшін сақтаңыз. Егер базадан ақпарат кетсе, сіз бұл сіздің негізгі нөміріңіз емес екенін біліп тұтқаны көтермесеңіз де болады, өйткені ол жерде сізге ешкім маңызды қоңырау шалмайды».

Айта кетейік, сарапшылар тұрғындарға әлеуметтік желіде мейілінше құпиялықты сақтауға шақырады.