«Адамның жаны- аманат»

689

«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы облыстық мешіттің наиб-имамы Талғат Шайділләұлы:

– Қасиетті жұманың қадір қасиеті жайына ойысайықшы…
– Күндердің сұлтаны, ұлығы болған, дұға тілектердің қабыл болатын жұма қасиетті күн. Алла Тағала аят калимада келтіреді «жұма күні азан айтылып, намазға шақырылса бүкіл жұмысыңды тастап, мешітке барғын»,- дейді. Қазақта «Үмтісіз шайтан» деген сөз бар, әрбір адамның Алладан үміті өте үлкен. Сондықтан әрқашан Алладан үмітімізді үзбестан жақсы дұға тілекте болуымыз ол біздің міндетіміз. Алла Құран Кәрімде «әрбір адам менен сұрайтын болса, мен оның дұға тілегін, арманын қабыл қыламын» деген. Бірақ сол арман тілегіне берік, үмітін үзбестен әрдайым тілеп жүру керек екен.
– Жұма намазының сауабы қаншалықты?
–  Пайғамбарымыз көпшілікпен оқыған намаздың сауабы 70-80 есе көбірек екенін айтқан. Намазды өз уақытында орындайтын болсақ сауабы шексіз. Өйткені Алла алдындағы парызын, өз міндетін орындап құлшылығын ада қылғаннан кейін Алла Тағала өзіне лайықты, ниетіне, пейіліне, ықыласына, тазалығына қарай үлкен сауаптар жазып, нәсіп айдайды.
– Көбіне жұртшылық құлшылық пен намазды ара жігін ажырата алмай жатады. Қандай айырмашылығы бар?
– 1990-шы жылдары мешітке барып намаз оқу, ораза ұстау имамның кәсібі сияқты көрінетін. Яғни, мұғалім десе сабақ беретін адамды, ал имамды солай елесететін. Қазір мұның бәрі кетіп, иісі мұсылман баласы намаз оқуды, ораза ұстау міндеті екенін түсініп, көзі ашылды, көзқарасы өзгерді. Бірақ та соған қадам баса алмай «көңіліме салғанда ораза ұстаймын, намаз оқимын» деп ниет еткен, ықыласы барлар көп. Алла Тағала разы болатын әрбір іс құлшылық болып табылады. Әрбір амал ниетке байланысты. Әрбір ісімізде бір сауапты амалдар бар. Алла Тағала «өздеріңе берілген аманатқа қиянат қылмаңдар» деген. Яғни, адамның өмірі аманат. Адамның өмірі аманат болғаннан кейін, дүниеге келгеннен кейін қартайғанға дейін өмір несібесі қалай болады соның бәрі бекітілген. Ол аманатқа қиянат қылмай, аман есен алып жүру ол міндеті.