Күнгейдің үздік жас әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері анықталып жатыр. Дәлірегі, бүгін облыстық «Арай-2018» өнер байқауының ақтық сыны басталды.
Ұйымдастырушы тарап – мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшылығының айтуынша биыл қатысушыларға қойылған талап анағұрлым жоғары болған. Ал жас таланттардың дарын-қабілетін 16 адамнан құралған қазылар алқасы бағалауға кіріскен. Сондай-ақ, биыл төрешілерге төраға тағайындалған жоқ.
Айта өтейік, биыл 23-ші рет қолға алынған «Арай-2018» байқауына қатысу үшін 450 үміткер ниет білдірген. Ақтық сынға оның 39-ы жолдама алыпты. Ал өнер сайысы бүгін анықталып, жеңімпазға қомақты қаржылай сыйлық тағайындалмақ.