«Арай – 2018» байқауы өтті

952

Бәйдібек ауданының орталығы, Шаян елді мекенінде «Арай-2018» жас эстрада əншілері мен мəдени іс-шара жүргізушілерінің аудандық байқауы өтті. Байқауға эстрада жанры бойынша — 20, мəдени іс-шаралар жүргізу бойынша 15 үміткер қатысты.

Аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөліміне қарасты 8 ауылдық мəдениет үйі, 3 ауылдық клуб болса, аудан көлемінде де əн байқаулары тұрақты түрде өтіп тұрады.
Байқаудың қазылар алқасының шешімімен бірінші орын Майбұлақ ауылынан Жүсіп Аянға берілсе, екінші орын Шаян елдімекенінің қатысушысы Төлбасы Балжанға, үшінші орын №19 колледждің студенті Əсілбек Ұлмекенге, «Көрермендер көзайымы» номинациясы Жамбыл ауылынан Серікбай Нұрлыайымға, «Ең жас əнші» номинациясы «Бөген» ауыл əкімшілігінен Арслан Мұхтарға табыс етілді.

Мəдени іс-шараларды жүргізу бойынша — Бəйдібек ауданы əкімінің арнайы жүлдесі Шаян ауылынан Тоқташ Толғанайға жəне бірінші орын Шалдар елдімекенінен Мəди Сəулебекке бұйырды. Жеңімпаздарға облыстық «Арай-2018» жас эстрада əншілері мен мəдени іс-шара жүргізушілері байқауының жартылай финалына жолдама алып отыр.