Ішкі істер министрлігінің Шымкенттегі Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының бітіруші түлектеріне салтанатты түрде сертификат тапсырылды. Бұл жолы 62 тыңдаушы білімін жетілдіріп, сақшылық саптың қыр-сырын меңгеріп шықты.
Бір ай бойы құқықбұзушылық пен қылмысты ашу жолдарын меңгерді. Арнайы құжатқа ие болған түлектер еліміз бойынша ішкі істер органдарында қызмет ететін болады.
Бекайдар Тойлыбаев, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының басшысы: «Қазақстанда Ішкі істер министірлігіне қарасты жедел түрде мамандар дайындайтын арнайы 5 оқу орталығы бар. Соның ең үлкені біздің орталық.
Жылына 1 500 маман дайындауымыз керек. Біз 3 айдың ішінді заң жағынан, арнайы психологиялық, тактикалық, әскери, физикалық жағынан дайындап шығарумыз қажет. Осы уақыт аралығында толығымен қызмет етуге дайын болады.