Еуропа елдерінде даулардың 80 пайызы медиация тәртібімен шешіледі

446

Уақытты бағалай білетін Еуропа, Батыс елдерінде даулардың 80 пайызы медиация тәртібімен шешіледі. Ал біздің елде бұл көрсеткіш небәрі 15-20 пайызды құрайды екен. Бұл туралы бүгін 1-наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында ұйымдастырылған жергілікті соттар мен кәсіби медиаторлардың қатысуымен өткен жиында айтылды.

Сала мамандарының айтуынша, медиация жүйесі әлі күнге халыққа түсініксіз. Сондықтан оны насихаттап, түрлі дау-дамайларды тіпті жеңіл және орта қылмыстық істерді сотсыз-ақ, тараптардың мәмілеге келуі арқылы шешілетін жеткізетін уақыт келді.

Ашық есік күні азаматтар мамандарға жүгініп, тегін құқықтық кеңестер алды. Мамандар медиация рәсімінің экономикалық тиімділігін де жоққа шығармайды. Десе де сот өкілдері дауларды шешуде заманауи тәртіпке жүгінетіндер қатарының жылдан-жылға артып отырғанына сендіреді. Мәселен, медиаторлардың қызметіне жүгінгендер былтыр бұрнағы жылмен салыстырғанда 2 есеге артып отыр екен.