Әккі ұрылар жазадан құтылып, қару үптегені үшін тұтылды

427

Шымкентте үй тонап дәніккендер қару ұрлағаны үшін сотталды. 24 жастағы екі жігіт төрт үй ұрлығы үшін ҚР ҚК – нің 188 бабымен айып тағылып, жәбірленушілерге 500 мың теңге шығын келгені анықталған.

Сыбайлас ұрылардың бірі Валерий ұрлыққа түскен үйдің бірінен сейфтегі аңшылық мылтығын үптеп кеткен. Оған қосымша ҚР ҚК – нің 291 бабы бойынша, қару ұрлағаны үшін айып тағылды.

Алайда тараптардың татуласып, суық қолдылардың шығынды өтеп бергені ескеріліп, екі қарақшы ұрлық қылмысы бойынша жазадан босатылды. Бірақ аңшылық мылтығын ұрлаған Валерий үш жылға бас бостандығынан айрылды.

Жанар Есенбекова