«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы қалалық № 7 футбол мектебінің директоры Нұрлан Орынбаев:
— Күні кеше футзалдан Қазақстан чемпионатының екі бірдей тур ойындары қаламызда өтті. Ойын қаншалықты тартысты болды?
— Кешегі соңғы турда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдадық. Бірінші ойында таразымыз тең, 2 де 2 болды. 15 секунд қалғанда біз ойынды теңестірдік. Кешегі ойын тартысты, қызықты өтті. Жанкүйерлер де көп келді. Бірінші таймда 3:0 болды. Екінші таймда қарымта гол салып кетті. Таразының басын теңестіріп 4:4 есебімен ойын аяқталды. Сәл сәттілік жетпей қалды. Жігіттерге әлі үйрену керек, жаттығу керек. Бірінші рет биыл оқу жаттығудан өттік Қырғызстанда. Біраз нәрсе үйрендік. Балалар әлі жас. Тәжірибе жетпей тұрғандай. Болашақта бәрі дұрыс болатынына сенемін. Кемшіліктердің бәрін дұрыстаймыз. Керек нәрсені аламыз. Балалар тактикалық жағынан мықты. Өбекстандық бапкер А. Петровты арнайы келіп жаттықтыруда. Футболдың дамуына көмектесіп, залдарын беріп оқу жаттығу мәселесіне қол ұшын созған азматтарға алғыс білдіргім келеді.
— Шымкентте спорттың бұл түрінің пайда болғанына екі-ақ жыл болыпты. Осы уақыт аралығында жоғары лигада сынға түсіп жүрсіздер. Оңай болмаған шығар?
— Бізде оңтүстікте дарынды балалар өте көп. Барлығы үлкен футболда түрлі себептерге байланысты ойнап кете алмайды. Дарынды балалар көп, ал физикалық жағынан бойлары кішкентай болады, әртүрлі себептер бар. Сондықтан үлкен футболға бара алмайды. «Лига любителей футбола» да қаншама балалар ойнап жүр. Әртүрлі себептерді саралай келе қарастырып, ойластырып өзіміздің мектепте футзал аштық. Қазір алты бапкер жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек 5 кәсіби бапкер бар. Бүгінгі күннің өзінде қатысып жатқан 162 бала бар. Сондықтан да бүгін қиын болғанымен болашқта бәрі жақсы болатынына сенемін. Балаларды оқуға жіберіп жатырмыз.