«Зияткер-Тұран» мектебінде оқуға дарынды балаларға 6 грант берілді

45

«Мен жастарға сенемін». Шымкенттегі  «Зияткер -Тұран» мектебінде дәл осындай тақырыпта  Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған  мектеп оқушылары арасында пікір-сайыс турнирі өтті. Оған қаладағы  50-ден астам мектептен 200-ге жуық оқушы қатысып бақтарын сынады. Ұшқыр ой мен шешен тіл  иелерінің  жарысын біздің арнаның түсірілім тобы да  тамашалап қайтты.

«Зияткер-Тұран» мектебінің мәжіліс залында ине шаншар орын жоқ. Бүгін мұнда ұшқыр ой мен шешен тілдің иелері бас қосып отыр. «Мен жастраға сенемін» ұранын жалау еткен оқушылар қазақ, орыс және ағылшын лигасында пікір сайыстырып, логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық және шығармашылық қырларын көрсетпек.

Гүлнар Дәрібаева, «Зияткер-Тұран» мектебінің директоры:  «Қала мектептерінен 200 – ге жуық оқушы қатысып жатыр. Жеңімпаздарға «Зияткер Тұран» мектебінде тегін оқу гранты беріледі. 6-7-8 сынып оқушыларына».

«Зияткер-Тұран» мектебінде білім алу кез – келген оқушының арманы.  Себебі, оқу базасы мен педагогтары мықты, заманауи үлгіде жабдықталған. Сондықтан болса керек қаладағы үздік жекеменшік оқу орнының бірінде тегін білім алуға әркімнің ақ  бар таласы.

Сонымен 6-7-8 сыныптар арасында өткен қалалық пікірсайыс турнирінде  әр лига бойынша  1-ші орын алған команданың әр мүшесі  «Зияткер-Тұран» мектебінде тегін оқуға сертификат жеңіп алды. Олар: Талант – 1, №3  және  №1 мектептің командалары. Ал ақтық мәреге жеткен фракцияның жетекшілері  алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейкі, «Зияткер» жекеменшік мектебінде бүгінгі таңда 580 оқушы білім алуда. Қалада  2 зияткер мектебі, 6 оқу орталығы бар. Мектептер мен курстарда оқыған оқушылар Назарбаев мектептеріне және шетелде оқуға кедергісіз түседі.

Лиц. № KZ61LAA00032762, 7.11.2022 ж. ҚРОАМ берілген

Зияткер мектебі, Д.Қонаев даңғылы, 36/1

Зияткер-Тұран, Тұран ш/а, 192 квартал, 20/5

Тел: 8 771 864 33 66

@ziyatker.meltebi