Күнгейде Елбасымыздың тарихи құндылықтары таныстырылып жатыр

593

Күнгейдің бас мұражайына келушілердің қатары анағұрлым артады. Бұлай деуімізге негізгі себеп — бүгін тарихи-өлкетану мұражайының көрме ұсыным-жасағы өзгерді. Дәлірегі, Елбасы кітапханасы «Н.Назарбаев : Дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесін таныстырып, көпшілік назарына ұсынды. Астананың «алтын қоры» — тарихи маңызы зор құнды шығармалар мен заттарды алғашқылардың бірі болып  біз де тамашалап қайттық.

Бүгін күнгейліктер ерекше әуенмен ерекше қонақтарды күтіп алды. Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесін арқалай келген топқа құрмет көрсетіліп, төрден орын берілді. Оған қоса, 3 миллион тұрғыны бар Оңтүстік өңіріндегі өзекті мәселенің бірін шешуге жұмыла кірісетінін бірден мәлімдеді. Бұл үшін жаңа жоба — Астананың «алтын қоры» жасақталып, тұрғындардың тарихқа қызығушылығын арттыру қажеттігі құнтталды.
Махмұд Қасымбеков, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы: «Қазір музейлерге баратын адамдардың саны бұрынғыдай емес, азайып қалыпты. Жақында біз Алматыда болдық, ондағы орталық музейде күніне бір 20-30 адам барады екен. Ал біздің мынау Астанадағы Президенттің музейіне күн сайын кемінде 700-800 адам келеді. Мәселен, өткен жылы музейге келушілер саны 300 мыңға жеткен».

Елбасы кітапханасы ұсынған «Н.Назарбаев: Дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме осылай бұрынғыларынан өзгерек басталды. Мұнда аталған кітапханадағы мұрағат, кітап, музей қорларынан алынған маңызды материалдар қойылған. «Елбасы қызметінің хроникасы» интерактивті бөлімінен, цифрлық фотоальбомдар, деректі кинохрониканы көруге келушілер де көп болды. Зиялы қауым , жергілікті билік өкілдері мен жастолқын, жорналшылар мәдени шараға қатысып, тың дүниелерді тамашалап қайтты.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесінен — Мемлекет басшысының суреттері мен жеке құжаттарын, алған марапттарына да көруге болады. Сондай-ақ, Елбасымыздың өзі жазған еңбектері және шет тілінде жарық көрген кітаптары да осында.Күләш Ақтаева, ҚР тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары: «Тарихи сәт — себебі бүгін тұңғыш рет Елбасымыздың мемлекеттік жоғары марапаттарының топтамасын әкеліп, таныстырып отырмыз. Көрмеде Н.Назарбаевтың 1997 жылдан бастап, бүгінге дейінгі 40-тан астам өзіміздің және өзге мемлекеттен алған мемлекеттік жоғары құрметті марапаттары бар. Сондай-ақ, мұнда мемлекеттік маңызы зор құжаттардың да түпнасқалары қойылып отыр. Ең бастысы, бұл құндылықтарды көру, көрмеге кіру — тегін. Және суретке түсуге және бейнежазбалар жасауға да рұқсат, тек қолымен түртпесе болғаны. Тұрғындарға қосымша мәліметттер электронды нұсқада да ұсынылады.

Айта өтейік, Елбасы кітапханасы ұсынған «Н.Назарбаев: Дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі бұған дейін, 2017 жылдың қарашасында Алматы қаласында қолға алынған. Енді Оңтүстік өңірінде жалғасып отыр. Ал осынау тарихи маңызы мол көрме күнгейде әлі 3 ай ашық болады. Ендеше, сіздің де келіп, мемлекеттік маңызды- тағлымды дүниелермен танысуға мүмкіндігіңіз бар!