Мауриньштің флебология және лазерлі медицина клиникасы ер-азаматтарға сый жасап отыр

652

Кеңес дәуірінде 23 ақпан Отан қорғаушылар күні деп аталып өтілетін. Үйренген халық, әлі күнге дейін атаусыз қалдырмайды. Бұл жолы доктор Мауриньштің флебология және лазерлі медицина емханасы ерлерге ерекше сый жасап отыр. Мерекелік акция аясында бұл күні кез-келген ер азамат проктологтың тексеруіне жүгіне алады. Бұл қызметтер тегін жүргізіледі.

Технологияның соңғы жетістіктерінің арқасында қазір проктолог маманына жүгіну бұрыңғыдай қиын емес. Доктор Мауриньштің флебология және лазерлі медицина емханасында жоғары білікті проктолог дәрігер Айдос Тұрманбетов қызмет көрсетеді. Ол «Леонардо Дуал» лазерінің көмегімен әп-сәтте тоқ ішек ауруларынан айықтырады.

Көпшіліктің геморрой, тоқ ішектің бұзылуы сияқты аурулары кезінде дәрігерге бармай-ақ үй жағдайында емделетіні жасырын емес. Алайда мамандар мұндай дерттерге шалдыққандардың дереу ақ халаттылар көмегіне жүгінуі тиіс екенін ескертеді. Бұл орайда лазерлі терапия интимді түйткілдерді шешуде таптырмайтын тәсіл дейді мамандар.

23 ақпан қарсаңында доктор Мауриньштің флебология және лазерлі медицина клиникасы мерекелік акция ұйымдастырып отыр. Бұл күні проктолог дәрігер ер азаматтарға тегін тексеру жүргізеді. Клиникада гинекология, флебология бойынша лазерлі процедуралар жүргізіледі. Акция туралы толығырақ білгіңіз келсе, 60 68 57 нөміріне хабарласуыңызға болады.