Мәскеулік дәрігер проктологиялық мәселелерді озық технологиямен шешудің жолын ұсынады

8

Шымкенттік дәрігерлермен тәжірибе алмасу үшін Мәскеуден медицина ғылымдарының кандидаты Денис Давидович келді. Жоғары білікті колопроктолог, хирург, онколог қаладағы флебология және лазерлік медицина клиникасында пациенттерді қабылдап жатыр. Геморрой сынды ауруларды емдейтін маман 31 наурызға дейін келушілерге тегін кеңес беріп, тексеру жүргізеді.

Жаңа технологиялар мен заманауи емдеу әдістері флебология және лазерлік медицина клиникасының негізгі критерийлары. Мұнда біліктілігі жоғары мамандар тәжірибе алмасуға тұрақты түрде келеді. Бұл жолғы қабылдауды Мәскеуден келген колопроктолог, онколог Денис Давидович жүргізеді. Рустам Келімбетовтың айтуынша, маман клиниканың жоғары деңгейін және жергілікті мамандардың тәжірибесін жоғары бағалаған.

Рустам Келімбетов, тамырлы хирург, флебология және лазерлік медицина клиникасының бас дәрігері: «Бүгін біздің клиникаға Мәскеуден колопроктолог, онколог Денис Давидович келді. 31 наурызға дейін келіп тегін кеңес алып, қаралуға мүмкіндіктеріңіз бар. Келіңіздер!»

Геморрой-бұл қысқа мерзімде созылмалы түрге ауысатын кең таралған және өте ауыр ауру. Сонымен қатар, онкологиялық процесс сияқты аса ауыр аурулар нәзік проблеманың кейпінде жасырылуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда маманға неғұрлым ертерек жүгінсеңіз, өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Денис Давидович, колопроктолог, хирург, онколог, медицина ғылымдарының кандидаты: «Мен Қазақстанға алғаш рет емхана басшылығының шақыруымен келдім және маған бұл стационар өте ұнады. Мұнда керемет құрал «Biolitec Leonardo» бар. Біз геморройды емдеуде заманауи технологияларды енгізіп жатырмыз. Менің сапарымнан кейін Шымкентте колопроктологияның ең күрделі мәселелерін шеше алатын және пациенттерімізге жоғары өмір сүру деңгейін және жұмысқа барынша тез оралуды қамтамасыз ете алатын мамандар тобының қалатынына өте қуаныштымын»

Флебология және лазерлік медицина клиникасында бірнеше жылдан бері геморройды емдеудің заманауи әдістері қолданылып келеді. Хирургиялық емдеу үшін барлық қажетті жағдайлар мен жабдықтар бар. Ал Ресейден жетекші проктологтың келуі жергілікті хирургтарға операцияларды жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Ольга ГОЛОВЛЕВА, флебология және лазерлік медицина клиникасының хирург-проктологы: «Бүгін біз Денис Леонидовичпен жұмыс істедік, шамамен 25 пациентті қабылдадық, өте қызықты қабылдау болды. Біз қарым-қатынас техникасын жаңа білдік, ол бізге көптеген жаңа емдеу әдістерін айтып, көрсетті, кейбір әдістерді біз клиникада қолданамыз. біз клиникада МӘМС бойынша консультативтік қабылдауды да, ақылы негізде де жүргіземіз.Науқас кез-келген дәрігерді таңдай алады, маған әйелдер жиі келеді»

Шымкентте онкологиялық аурулардың алдын алуды күшейту мақсатында Мәскеуден келген колопроктолог-Денис Давидович семинар мен мастер-класқа белсенді қатысып, жергілікті әріптестермен заманауи онкоколопроктология саласындағы білімімен бөлісті. Сондай-ақ дәрігер мен пациенттің қарым-қатынас психологиясының ерекшеліктері туралы айтты.

 

МЕКЕН-ЖАЙЫ: Ш. УӘЛИХАНОВ КӨШЕСІ, 200 «Б», «ҚАЗАНДЫҚ» АЯЛДАМАСЫ
ТЕЛ: +7 7252 60-68-57, +7- 701 770 68 57 Instagram: @lazernaya_medicina_kz
Лицензия №010793 21.12.16 жылы ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы берген