Сарыағаш АІІБ ПБ-нің кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданған, онда бейтаныс адам оқуға түсіріп беруге уәде етіп ақшаларын алғаны көрсетілген. Сонымен, жәбірленушілердің бірінің айтуынша оның ұлын оқу орындарының біріне оқуға түсіріп беретінін уәде етіп, 700 мың теңгесін алып, белгісіз бағытта жасырынған.
Сарыағаш АІІБ ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады, ол 25-30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен күдіктінің алаяқтықтың 6 жайтына қатысы бары анықталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрап отыр.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Өзін түрлі мекеме қызметкерімін деп таныстырып анықтайтын құжаты болмаса, өз үйіңізге танымайтын адамдарды кіргізе бермеңіз. Ешкімге сенбеңіз және алаяқтың арбауына түсуден аулақ болыңыз.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы