ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Депутаттық корпус» ұйымдасқан қылмыстық тобы бойынша сотта қаралып жатқан атышулы іске қатысты Мұратхан Тоқмәдидің Жамбыл облысындағы ауруханадан қашып кеткені және оның ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды inform.kz.

«Тоқмәди Мұратхан Шәкерханұлы 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туған. Оған «Туран әлем банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы Е.Тәтішевті Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен өлтірді деген күдік келтіріліп отыр. Ол 2018 жылдың 8 наурызында 19 сағат 20 минут шамасында Жамбыл облыстық ауруханасынан қашып кетті.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот процесінде М.Тоқмәди денсаулығының нашарлағанына шағымданып, осы себепті Жамбыл облысының ауруханасына жатқызылған болатын. Арнайы жүргізілген шаралардың арқасында М.Тоқмәди Тараз қаласында ұсталып, «Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіне» қамалды»,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда М.Тоқмәдидің қашып кетуіне себеп болған жәйттерді анықтау мақсатында тиісті шаралар қолға алынған.