Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен осы іске қатысты өзге де сотталушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды inform.kz.
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша судья Әділхан Шайхисламов үкімді 1 сағаттай уақыт оқыды. Сот үкімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мүлкінің тәркіленуімен 10 жылға сотталды. Сонымен бірге, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы болған Бақыт Жақсыбаев 4 жылға, ал оның орынбасары болған Аслан Жақыпов 2,5 жылға сотталды.
Сонымен қатар, осы іске қатысты тағы тағы 19 күдіктіге қатысты сот үкімі оқылып жатыр. Еске сала кетсек, бұдан бұрын Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 12 жылға басбостандығынан айыруды сұраған болатын. Жарыссөз кезінде прокурор Әлібек Айтжановайыпталушының меншігіндегі қылмыстық жолмен алынған мүлігін тәркілеп, 12 жылбас бостандығынан айыру жазасына кесу талабын білдірген еді. Мұнымен қоса, Қ.Бишімбаевқа қатысты өмір бойы мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдардабасшылық қызметтерді атқаруына рұқсат етілмеуі сұралған болатын.
2017 жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюродан мәлім еткендей, олбірқатар адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды депайыпталған. Бишімбаев Қызылорда қаласында әйнек шығаратын жәнеөңдейтін зауыт салу барысында «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағыкомпаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген еді.