«Үш жылдық тарихы бар музейіміз төрт кітап шығарды»

734

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, облыстық бейнелеу өнері музейінің басшысы Айнабек Оспанов:

— Өңіріміздегі бейнелеу өнері музейінің ашылғанына үш жыл болыпты. Бүгінгі күнгі тыныс тіршілігінен хабар беріп өтсеңіз…
— Облысымызда бейнелеу өнері музейінің ашылғанына 3 жыл толып отыр. Содан бері музейдің ауқымы кеңейді, алаңы да кеңейді. 4 залымыз бар. Өткен жылы біршама шетелдерді аралап келдік. Туркияда, Анкарада, Әзірбайжанда, Омскінің музейлерімен тәжірибе алмастық. Ондағы музейлер тарихы бар музейлер ғой. Дегенмен біздің көрме қою алаңымызға олар қатты қызықты. Бейнероликтерімізді көріп, кітаптарымызды көріп өте қызығушылық танытты. Бір жылдың ішінде 90-ға жуық іс шара атқарамыз. Халық шығармашылығы орталығы, облыстық мәдениет басқармасы іс шаралар өткізді. Музейде 30 қызметкеріміз бар. Күні кеше қырғызстандық Жолдасбек Қазақбаевтың жеке көрмесін аштық. 646 шаршы метрлік көрме алаңымыз бар. Орта Азиядағы, Қазақстандағы барлық суретшілер қызығады. Оны Мәскеудің манежіне теңейді. Сол көрме залымызға 150 — ден аса жұмыс қойды. Пейзаж көрмесі, натюрморт көрмесі өтті. Екінші залымызда кәсіби суретшілердің жұмысы тұр. Шымкентте 1939 жылы алғашқы кәсіби суретшілердің легі пайда болды ғой. Ғани Іляев, Қасымбек Нұрбек ағаламыз бар сол кісілердің туындыларынан жинақталған тұрақты экспозициялық көрме өтіп жатыр. Музейдің ішкі заңына байланысты 6 айдан кем тұрмауы керек. Екінші залымызда өткен жылы жинақталған талантты суретшілердің 67 туындысын алғанбыз. Аталған залымызда екінші көрме өтіп жатыр. Одан кейін шыны залымыз бар. Онда екі үш күндік көрме ұйымдастырылады. Шеберлік сабақтарын, сату көрмелерін, фото көрмелер өткіземіз. Шыны залындағы көрмені билет сатып алмай — ақ көруге болады. Өткен жылы зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Халықаралық іс шаралар өткіздік. Халықаралық фото суретшілердің симпозиуымын өткіздік. Әлемнің 11 елінен суретшілер келіп қатысты. Болгариядан, Ресейден, Түркидан келіп қатысты. Оңтүстік Қазақстан облысының суретшілерінің кітабын шығардық. Каталог өте сапалы шығарылды. Түркияда шығарылған болатын. Түрксойдың жабылу салтанатында барлық қатысушыларға таратылды.
— Бұл жәй ғана топтама емес, ғылыми еңбек деуге болады ғой…
— Бар жоғы үш жылдық тарихы бар музейіміз үш төрт кітап шығарып қойды. Оңтүстік суретшілері туралы, бірнеше кітаптың жобалары дайын. 1 500 мыңдай құнды шығармаларымыз бар. Негізігі қордың барлығы да Мәдениет министрлігінің регистріне енеді. Ол үкіметтің меншігі болып табылады.