7 проценттік ипотека: Жаңа бағдарлама аясында қанша пәтер салынады

367

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің есебіне сәйкес, «7-20-25» бағдарламасы арқасында қазақстандықтардың біразы баспана мәселесін шеше алады, деп хабарлайды inform.kz.

«Біздің есебіміз бойынша (жыл сайын — авт.) 100 000 пәтер, 5 миллион шаршы метр жаңадан құрылыс нысандары салынады деген сөз. Несие беру жағынан да үлкен серпіліс болады. Сосын тұрғын үй салу құрылысында да үлкен серпіліс болады. Енді, бұл жерде ең жауапты мекеме ол — Ұлттық банк.

Біздің министрлік те бірге жұмыс жасайтын болады», — деді Құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Комитет басшысының айтуынша, жаңа бағдарламаға бір триллион теңге тартылса, тұрғын үй саласында біраз шаруаны тындырып тастауға болады. Ендігі кезекте Ұлттық банктің жанынан арнайы компанияны құрып, тездетіп жұмысқа кірісу керек.

Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Осыған байланысты ҚР Ұлттық банкі жанынан 7 проценттік ипотеканы беретін жаңа компания құрылады.  ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, арзан ипотека бәріне жетеді.