Түркістан қаласында 2018 жылдың бірінші тәулігінде жұрттың жағасын ұстатқан қанды оқиға болған еді. 1 ші қаңтар күні сағат 19.30 сағат шамасында Ербол Мақұлбеков бұрынғы жұбайымен кездесіп, балаларының алдында жерден тас алып, әйелдің басынан ұрған.
Онымен қоймай, құлап жатқан перзенттерінің анасын өзімен бірге ала келген асхана пышағымен мойнынан жарақаттаған. Ұл-қызының көзінше анасын қасақана өлтірген қаныпезер әке Ербол Мақұлбековке ҚР ҚК-тің 99 бабы, 2-ші бөлігі 5-ші тармағымен айып тағылған болатын.
Қылмыстық іс материалдары ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына кеп түскен. Алдын ала тыңдау өтіп, 28 — ші наурызда басты сот талқылауы басталды. Қазіргі таңда іс қаралу үстінде.