Балағат сөз айтсаңыз… сотталасыз

568

Шымкенттіктерді «связка слов» шаршатты. «Ш…» -дан қайыратындар енді ауыздарына абайламаса болмайды. Танысыңыз болсын, танымайтын адамыңыз болсын, шымкенттіктер жақсы көретін сөзді айтудан тиылу қажет болып тұр. Олай етпеске амал кем… Сотталып кетуіңіз ғажап емес.

Жуырда Мақтаарал аудандық сотында «қызық» іс қаралды. Құқық бұзушы С.Ө.-ге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша құқық бұзушы С.Ө. өзінің әкесі Қ.Ө.-қа сыйламаушылық білдіріп балағаттап, былапыт сөйлеп, үйдің тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысы барысында, құқық бұзушының С.Ө.-нің кінәсі толығымен дәлелденіп, сот қаулысымен үш тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.