Шымкент: 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуына шектеу қойылады

63

Шымкентте коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шаралары мен карантин мерзімін ұзартуға қатысты Бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыда қала аумағында адамдардың бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс екені ескертіліп, аялдамалар мен қоғамдық көліктерде адам шоғырын болдырмас үшін автобустардың саны көбейтілетіндігі айтылды.

Сондай-ақ, бас дәрігердің еңгізген негізгі ережелердің бірі, 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуына тыйым салынды. Ал, білім беру мекемелеріне қатысты, оқушылар саны 600-ге дейінгі оқу орындары штаттық форматта, айтылған межеден оқушы саны жоғары мектептер 50 пайыздан аспайтын жүктемемен штаттық форматта оқиды.

Бұдан бөлек, салтанатты ас беру, отбасылық іс-шараларды өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын сауық және өзге де іс-шаралар өткізуге тиым салынғаны хабарланды.

Аида Қарсыбайқызы