Наурыздың 19-ы күні, дүйсенбіде, сағат 16.00-де Тыныбаев көшесі , 49 мекенжайындағы ғимараттың үлкен мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті 26-шы сессиясы өтеді.
Депутаттар сессияның барсында 12 мәселені қарайды. Күн тәртібінде қала әкімдігінің автомобиль жолдары және қоғамдық көлік, Тұрғын үй инспекциясы, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің есебін тыңдау, Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі басшысын қызметінен босату, және жаңа басшының кандидатурасын қарастыру, сондай-ақ қаладағы төрт ауданның жергілікті полиция қызметтерінің жұмыстары жөнінде мәліметтерді тыңдау жоспарланып отыр.