Қалалық мәслихаттың IV сессиясы өтті

22

Шымкентте жаңа басқарма құрылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 4-сессиясында белгілі болды. Жиында 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, игерілмеген қаражат пен жыл соңына дейінгі жоспар талқыланды.

Шымкент қаласы 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылған. Бұл туралы бүгін сегізінші шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының төртінші сессиясында айтылды. 258 ғимарат, оның ішінде бірнеше көпқабатты үй жөндеуден өтті. Ал еңбек шығындарына 98,5 млрд. теңге жұмсалса, коммуналдық жұмыстарға 4 млрд. теңге бөлінген.

Ерлан Есқараев, Шымкент қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы: «Тұран шағынауданындағы 1-ші,5-ші,13-ші көшелердің құрылыстарын жалғастыруға 407 миллион теңге, Қайнарбұлақ тұрғын ауданындағы ауыз су жүйелерінің құрылысын аяқтауға қосымша 320 миллион теңге, Алаш, Бекжан базарлары маңындағы екі жаяу жүргіншілер жерін аяқтауға 374 миллион теңге».

Қаланың бас экономисі Ерлан Есқараевтың сөзінше, қалада шамамен 1 миллиард теңге игерілмеген. Ал 2023 жыдың бюджеті 29 млрд. теңгеге ұлғайып, 642 миллион теңге болып бекітілді.

Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов депутаттарға 2 әлеуметтік бағыт бойынша қосымша автобус қажет екенін айтты.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «9 маршут 2022 жалдың наурыз айынан бастап ұйымдастырған болатынбыз, ұзындығы 19 шақырым, Ынтымақ шағын ауданынан бастап Алаш базарға дейін барады. 26 маршут Фосфор ауруханасынан бастап Алаш базарға дейін барады, ұзындығы 18 шақырым. Қазіргі таңда 8 автобуспен 30 минут интервалымен жүр».

Сондай-ақ, Шымкентте жаңа басқарма құрылады. Мәслихаттың кезекті отырысында депутаттар осындай шешім қабылдады. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы деп аталатын жаңа мекеменің мақсаты – табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою.

Сессия барысында халық қалаулылары бітқатар азаматқа «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басқа да бірқатар шешімдер қабылдады.

Гүлдана Дәурен