Ұ. Арғынбеков көшесіндегі құрылыс нысандарынан шыққан лайды тазартуда қалалық құрылыс бөлімі уәдесінде тұрды. Соңғы бірнеше ай бойы осы мәселені жаңалықтар қызметі бірнеше рет көтерген болатын. Көпшіліктің шағымынан кейін мұнда жүк көліктерінің дөңгелектерін жуатын қондырғы орнатылған.

Арнайы бақылаушы қойылып, нысанға кіріп шыққан көліктердің тазалығын қадағалауға кіріскен. Ал «Югдорсервис» ЖШС-і арнайы техникалармен жолды жуып тұрады. Бұл тапсырыс беруші – құрылыс бөлімінің қадағалауындағы нысандар. Есесіне құрылысты өз қаражатына жүргізіп жатқан мекемелер көше жолдарын ластауын тоқтатар емес. Бұл мекемелерге әкімшілік шара көру үшін шаһар басшылығы тиісті мекемелерге хат жолдаған.

Әйгерім Жұмағұлова, қала әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі: «Қала әкімдігі тарапынан жергілікті әкімшілік полициясына хат жолданды. Міндетіне немқұрайлы қараған құрылысшыларға шара көрілетін болады.

Нұрлан Күдерұлы