«Халық қатысатын бюджет» жобасы нәтижелі жүзеге асып келеді

Биыл Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы аумағында “Халық қатысатын бюджет” жобасы 2 кезеңмен іске асырылып келеді.

Бірінші кезеңде 37 жоба бойынша 52 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6 балалар ойын алаңшасы орнатылды. Ал ІІ-кезең бойынша 12 жоба іске асып, 21 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды.

Жалпы Еңбекші ауданы бойынша 630 көпқабатты тұрғын үй 435 аулаға біріктірілген. Биыл бағдарлама аясында 73 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6 кешенді балалар алаңшасы құрылған.

Яғни, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып отыр.