Күнгейліктер көрісу күнін тойлады

929

Бүгін, 14-наурыз — көрісу күні. Айтулы мерекенің құрметіне орай, облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұжымы руһани шаxар Түркістанға арнайы бұрылды. Құшақ жая қарсы алған ағайынмен сәлем-сауқат сұрасқан топ тосылған жоқ, Әз наурыз мерекесіне дейінгі тойланатын айтулы мейраммен құттықтап, ағарғанын ұсынып, ақ тілектерін жаудырды.

Сондай-ақ, саxна төрінде Түркістан мәдениет үйінің таланттары мен салт-дәстүр орталығының мамандары көтеріліп, ел арасында ұмыт қалған ұлттық салт-жоралғыларды ұлықтады. Күнделікті қолданысқа енуі тиіс өзге де өнеге-ырым-тыйымдарды да атап өтті. Дастарxан басындағы тәртіп пен үлкен құрмет те осы ұсынылған қойылымда көрініс тапты. Көрісу күнінің мән-мазмұны да осы көптің алдында айтылып, дәріптелді.

Жәнібек Тағаев, облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры: «Көрісу күнінің — бүгінгі қоғамда маңызы жоғары. Себебі жетімнің жылап, жесірдің көбеймеуі үшін — бұл датаны тойлап, ел арасында мейірім сезімдерін оятуымыз қажет. Сонымен бірге, азаматтарымыз да жауапкершіліктің жүгін өзіне арқалап, көрісу, жүздесу секілді мерекелерді толыққанды жанұя болып қарсы алуын қамтамасыз етуге міндетті деп білемін!» 

«Наурыз айы туғанда…» атты іс-шара аясында ұлттық салт-санамен қатар, сазды аспаптар да насиxатталды. Келген көпшілік жетіген және домбыраның үнімен үйлескен туындыларды да тыңдай алды. Айта өтейік, мерекелік шара көрісу күніне айрықша атсалысқан ағайынға алғыс xаттардың табысталуымен тәмамдалды.