«Көркемсурет мектебінің талантты шәкірттері көп»

504

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонақтары балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі Әсел Сайлауқызы және шәкірті Сәуле Убайдулла:

– Сәуле, қандай еңбектерің бар, ол туындыларың қалай аталады?
– Балалар көркемсурет мектебінде білім алып жатқаныма 4 жыл болды. 8 жасымнан бастап оқып жатырмын. Мектепте көптеген сабақтар өткізіледі. Композиция, мүсін, бейнелеу өнері, кескіндеме және компьютерлік графика. Жұмыстарымды айта кетсем түрлі түсті жүннен композициялық жұмыстар жасадым. Қазақтың ұлттық ою өрнектерін қолдандым. Негізінде ұлттық нақыштағы ою өрнектер өзіме қатты ұнайды. Бұл еңбегімде жайлауды, ертеректегі ата-бабалрымыздың өмір сүрген кезеңін бейнелегім келген. Батиктен жасалған жұмыстарым да бар. Алдымен жібек матаның бетіне эскизін дайындап алдым. Одан кейін контурасын салып шықтым. Жер асты мекенін салдым. Тасбақалар, су асты балдырлары бейнеленген. Графикалық сабақта натюрморт саламыз. Ең сүйікті суретім бұл холостқа салған «Күз» атты сурет. Әр сабақ 80 минуттан өтеді. Мен бұл жұмысымды 3 сабақ бойы салдым. Арнайы бояулар болады. Майлы бояуға ұқсас, акриль бояуымен салынған дүние. Ауа және сызықтық перспективаны қолдандым. Ол туындымда өзен, көпірді салдым. Түрлі түсті түстерді, көбіне жылы түстерді қолдандым. Алыста тұрған ағаштар, көз тартатын күздің бейнесін бейнелейді. Суреттерге қарап, тақырыбына байланысты терең тұңғиыққа енгендей боламын, суретті көргенде шабытым оянады. Көркемсурет мектебіндегі ұстаздарыма рахмет айтқым келеді. Олар маған сурет салудың қыр сырын үйретеді, шабытымды оятады.
– Әсел ханым, көркемсурет мектебіне неше жастан бастап қабылдайды?
– Балалар көркемсурет мектебіне 4 жастан жастап қабылдайды. 4 жастан 12 жасқа дейін дайындық тобында оқиды. Одан кейін 1-ші, 4 -ші классқа дейін 4 жыл оқиды. Одан кейін колледжге қалаған мамандығына оқуға түсе алады. Мектепте жоғары білікті мамандар сабақ береді. Өте дарынды, талантты оқушыларымыз көп. Жыл сайын мектебімізге балаларын алып келетін ата-аналар көбеюде. Олардың қолынан шыққан туындыларына қарап отырып кәсіби суретшілер салғандай таң қалуға болады.