Мектептегі әлімжеттікке қатысты 17 жасар оқушы қамауға алынды

841

Бүгінде мектептерде әлімжеттік жоқ деп жауырды жаба тоқуға болмайтын сынды. Осының салдарынан оқушылардың өз-өзіне қол салу оқиғалары көрініс табуда. Әрі мұның шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеп беріп отырғандай.

Жуырда 10 ақпан күні, қаладағы № 83 мектептің оқушысы өз үйінің ауласындағы сарайда асылып қайтыс болған еді. Өз өзін өлімге қиған жасөспірімнің қалтасынан жыртылған қағаз табылған болатын. Туыстары онда бірнеше адамның аты-жөні жазылғанын айтқан еді. Осы жәйтке қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тиісті шараларды, іздестіру жұмыстарын жүргізген-тін.

Өз-өзіне құл жұмсауға итермелеген және ақша бопсалағаны үшін № 83-ші жалпы орта мектебінің 17 жасар оқушысы қамауға алынды. Мұндай санкцияны күдіктіге қатысты Қаратау аудандық соты шығарды. Нәтижесінде осы мектепте оқитын бір балаға қатысты Қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жұмыстары басталды. Нәтижесі алдағы күндері белгілі болмақ.