ОҚО құтқарушылары апатты құтқару шалараларына кірісіп кетті

596

ОҚО-ның құтқарушылары Өскемен қаласына 25 наурызда жетіп, қазіргі күні Шемонаиха қаласы мен Глубокое ауданында апатты құтқару шараларына кірісіп те кетті. ОҚО төтенше жағдайлар басқармасының апатты құтқару және шұғыл өрт сөндіру отрядының жеке құрамы үш топқа бөлініп жұмысқа кірісті.

Шемонаиха қаласының Чапаев пен Повстанческая көшелеріндегі суға батқан үйлерде жұмыс жасады. Су астында қалған үйлер мен аумағынан су сорғылау үшін 10 мотопомп пайдаланылды. Жергілікті жауапты мекеме қызметкерлерімен бірлесіп Шемонаиха ауданының Чапаев, Речная, Набережная, Казахстанская, Повстанческая көшелеріндегі аулалардан, 20 үйдің жертөлесінен 4245 м3 жаңбыр суы сорғытылып алынды.

Азаматтық қорғаныс полковнигі, өрт сөндіру қызметкерлері тобының жетекшісі Н.Таукеевтің хабарлауынша жеке құрам Глубокое ауданындағы Глубокий, Предгорный, Белусовка ауылдарындағы үйлер мен аулалардан 6498 м3 жаңбыр суын тартқан.

ОҚО 24-ші және 23-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дамбаларды нығайту үшін 700 қап құм тастады. Жергілікті тұрғындарға көмек қолын созып, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.