Сессияда облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуына сіңірген еңбегі үшін  облыс мәслихатының депутаттары  Дәурен Ахметов, Нұралы Әбішов, Талғат Баймаханов, Саттар Қуашбай, Өмірзақ Мелдеханов, Омарбек Нұржанов ҚР Парламенті Сенатының грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, «ОҚО құрметті азаматы» атағы облыс мәслихатының депутаты Дулатбек Әбішке берілді. Дәурен Ахметов пен Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Гүлнар Құрманбековаға «Біздің депутат» республикалық газетінің «Үздік  депутат»  төсбелгісі табыс етілді.