Тілсіз жау талай бүлдіршіннің өміріне балта шабуда. Көктемнің алғашында айының өзінде 3 бала судың құрбаны болды. Кеше Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір бүлдіршін суға батып марқұм болды.
Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында тұрғын үйлердің бірінің алдындағы су толы хауызға екі жасар бала құлап, мерт болған. Бұл жыл басынан бергі суға кетудің төртніші оқиғасы. Биылғы жылы суға кеткендер төртеу болса соның үшеуі балалар. Таяуда ғана 11 ші наурызда қаладағы тойханалардың бірінде екі жасар баланың денесі келесі күні судан табылған еді.
ОҚО ТЖД ата-аналар мен ересектерге кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұранады. Әсіресе, бассейндер мен су қоймаларының маңында, тіпті үй ауласының өзінде абай болыңыздар.