ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті ресми сайтында 2018 жылдың наурызындағы талапқа сай емес импорт өнімдерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды inform.kz.
Мамандар бүкіл республикадағы 118 ірі супермаркеттер мен дүкендерді тексеріп шыққан. Тексеріс барысында 1096/ 240 сынама сатып алынып, 45 мыңнан астам зерттеу жүргізілген. Сынамалардың 22%-і техникалық регламенттерге сәйкес еместігі белгілі болды.
Соның 12%-і бактериологиялық көрсеткіштер, 21%-і физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша жарамсыз болса, тағы 77%-інде таңбалау қағидалары бұзылған. Сондай-ақ тұрғындарға арнап, ведомство елімізде сапа және қауіпсіздік талаптарына бағынбай өнімін сатып отырған шетелдік өндірісшілердің тізімін жариялады. Тізімді мына сілтемеден көруге болады.