«Шымкент плаза» сауда орталығында «өрт» шықты. Үлкен сауда орнындағы «қызыл жалынды» сөндіру үшін 80 қызметкер мен 12 техника жұмылдырылды. Өртті байқаған тұрғындар өз өмірлерін сақтап қалу үшін сыртқа қарай шығып үлгерген. Бүгін төтенше жағдайлар қызметінің оқу-жаттығу жұмыстарының бағдарламасы осылай өрбіді. Құтқарушылардың жоспар бойынша өткізілген өрт-тактикалық жұмыстары ойдағыдай өтті.
Таң азанымен Әл Фараби алаңына жиналған жұртты төтеншеліктердің дабылы дүр сілкіндірді. Тосыннан келген құтқарушылар «Шымкент плаза» сауда оралығындағы жұртты лезде далаға шығарып, өртті сөндіруге жұмыла кірісіп кетті. Үлкен сауда орнындағы қызыл алауды сөндіру үшін 80-ге жуық өрт сөндіруші мен 12 техника жұмылдырылды. Дер кезінде жасалған қимыл әрекеттердің арқасында мамандар оқу тактикалық жұмыстарыды ойдағыдай өткізідік дейді.
Дәл осындай жоспармен төтеншеліктер қаладағы тағы бір үлкен сауда орталығында оқу жаттығу жұмыстарын жүргізді. Мұндай жаппай алдын алу жұмыстарына Ресейдегі Кемерово қаласындағы қайғылы жағдай себеп болған. Сауда орталығында болған оқыс оқиға кезінде 64 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі балалар. Тексеру кезінде анықталғандай, сауда орталығында өрт кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған болып шықты. Өзге елдегі қайғылы жағдай көпшілікке сабақ болып отыр.
Оқу — жаттығу жұмыстарын жүргізген мамандар екі сауда орталықтағы қауіпсіздік шаралары талапқа сай деген қорытындыға келді. Көпшілік шоғырланған орталықтарда әлі де алдын алу жұмыстары жалғасады.
Лаура Нақыпқызы