Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы — әдеп жөніндегі уәкіл Мураджан Умарбекұлы Акишев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзудың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады.
Сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді. Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесі:
Әр айдың екінші және төртінші сәрсенбі күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Қабылдау мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы №6, Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты, 2-қабат, №207 кабинет. Тел: 8 (7252) 53-00-07, 53-00-04.