Шымкент зообағы тағы бір аңмен толықты. Төрт айлық арыстанның күшігін жомарт жандар тарту еткен. Жаңа қоныстанушы өзінің жаңа мекенін жатырқамай тез үйреніп кетіпті. Үлпек жүні үлпілдеген кішкентай күшіктің аты – Конор.
Оны зоопаркке күнгейдің ірі кәсіпкері Серікжан Сейітжановтың немересі Әміржан Сейітжанов сыйлаған. Жыртқыш аңның ұрпағы зообақтағы торды жатсынбаған. «Артық мінезі жоқ, қолға үйренген», — дейді зообақ қызметкерлері.