Шымкентте көне көліктер фестивалі өтті

1071

Шымкенттегі орталық алаңда көне көліктер көрмесі өтті. Жаңадан шығарылған темір тұлпарлардан көрі көне көліктердің тез көз тартатыны тағы анық. Бүгінгі көрменің көркін көне көліктер ашты.

Қалалық әкімшілік пен «Координатор» ЖШС-і ұйымдастырған шараға арысы Өзбекстан, берісі Тараз қалаларынан автоәуесқойлар арнайы келіп қатысты. Қаз-қатар тізілген көліктерді көне деуге көзің қимайды. Көліктердің басым бөлігінің ескі нұсқасы сақталынып, жаңартылған.

Тараз қаласынан келген Марат Есқожаевтың «Фиат Балила 508» көлігін қызықтаушылар көп болды. Кеңес кезеңін еске түсіретін көлік қаншама уақыт өтсе де әлі өңін жоғалтпаған. Бұл көлік қатардағы қарапайым көлік емес. Киноға түскен көлік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егесінің айтуынша «Жат» фильміне түсіру үшін аттай қалап алдырған екен. Көлік иесі Есқожаев нағыз автоәуесқойдың өзі. Бұл көлікті 2010 жылы сатып алыпты. Жинауға 5 жыл уақытын жұмсапты. Кеткен шығында есептемеппін дейді өзі. Қолдан құрастырылғаннан кейін сатуға көзің қимайтындығын да қоса айтты. Автоәуесқойлардың көзқұртына айналған көлікті киноға, клипке түсіруге шақырып, қолқалайтындар көп көрінеді. Тойға да қызмет көрсетеді…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көлік егесінің өзі де ретро стильде киінген. Баста шляпа, 30 — шы жыл стильіндегі көстөм шалбар. Аяқта Чарли Чаплиннің заманын еске түсіретін ақ, қара түсті туфли. Көлігінің заманымен үндесіп тұр. Көне де болса жаңа көлік расында жұтынып тұр. 1932 жылы шығарылған деуге қимайсың. Автокөлік десе ішкен асын жерге қоятын тараздық кәсіпкер бұдан басқа көне «Запарожец», «Москич» көліктері бар екендігін айтып қалды.

«Бұл көлікті 2010 жылы сатып алдым. Өзім құрастырып шықтым. Трассадағы жылдамдығы сағатына 60/70-ті құрайды. «Фиат Балила 508» Италияда шығарылған. Балиланы италян тілінен қазақшаға аударғанда оқ деген мағынаны білдіреді. Оқтай зулаған жүрісі де жайлы. Көрмеге екінші рет келіп отырмын. Алматы, Бішкектегі ретрофестивальге қатыстық. Барлық байқаудан бірінші орын алып жатырмыз» дейді мақтанышпен. Расында мақтанса мақтауға тұрарлықтай.

Өзбекстандықтар да өз елдерінен ең көне көліктерін тізгіндей келіпті. Арнайы клубқа бас біріктірген олардың қаз қатар тізілген көліктерінің арасынан «Шевроле Камаро» спорткары алыстан менмұндалайды. Ерекше стиль. Айырықша түс. Осындай көлігім болса деп армандайтын-ақ көлік.

Өзбекстандық делегацияны бастап келген Батыр Азимов: «Елімізде арнайы көне көліктер автоәуесқойларының клубын ашқанбыз. Клубымызда 60 автокөлік бар. Өте сирек кездесетін 40 мотоцикл де бар. Клубымыздағы ең жаңа көлік 1987 жылғы «Янгтайме Шевроле Камаро». Ал ең ескісі «Мерседес бенц 180» 1938 жылы шығарылған. 1930 жылғыдан бастап 1980 жылғы көліктерге дейін бар. Бүгінгі күні клубымызға 70 адам мүше. Біз үнемі көрме өткізіп тұрамыз. Бүгінгі көрмеге 7 автокөлік әкеліп отырмыз. Оның ең ескісі 1953 жылғы «Победа Кабриолет». Олардың арасында «Волга» да бар, «Москвич» те бар. Өзбекстанда әр жыл сайын ретокөліктер көрмесін өткіземіз. Ташкент- Самарқан автожарысын өткізіп тұрамыз. Бүгінгі ретро-фестивальді ұйымдастырушыларға рахмет айтамыз. Алдағы уақытта Алматы қаласына дейін автожарыс ұйымдастыратын жобаны жоспарлап отырмыз».

Ретрокөліктер фестиваліне былтырғыдан аз көлік қатыстырылуда дейді келушілер. Былтыр мынадан да көп, әрі ерекше көліктер көп болған-тын.

Бижан Жүсіпов, «Координатор» ЖШС-нің басшысы: «Бүгінгі көрмеге классикалық көліктер көптеп қатыстырылуда. Келушілер ескі көліктерді лақтырып тастамай, жөндеп, сәндеп мінуге болатынын көріп таң қалуда. 30 ретро көлік қойылды. Алматыдан да келуі керек еді, алайда белгілі себептерге байланысты жете алмады. Серіктестік қатысушылардың келуі, қонақ үйі, сақтандыру сынды барлық шығындарын өз мойнына алып отыр. Байқауда төрт номинация бойынша жүлде қарастырылып отыр. Түпнұсқалық көлік, жаңғыртылған, бір бөлшегі де ауыстырылмай сол қалпында сақталған көлік, сонымен қатар көрермен көзайымы деген номинацияға лайықтылар таңдалды».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі көрме көне заттарды лақтырып тастамай жөндеп, сәннен қалдырмай мінуге болатынын дәлелдеп тұрғандай. Замандар өткенде бәрібір сән қайталанып отыратыны жазылмаған заңдылық. Сол кезеңдерде бұл көлік миллиардтаған қаржыға сатылуы да бек мүмкін ғой…

Ерекше көне көліктер фестивалі келесі жылы да жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылар оған әзірлік әзірден-ақ басталып кетті дейді.

Гүлжан Көшерова