31 наурыз күні Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде кәсіпкер әйелдердің «WECON WomenEntrepreneurshipConference ’18» конференциясы өтеді. Іс-шараны ҚР Үкіметінің қаржылай қолдауымен Европалық қайта құру және даму банкі ұйымдастырады.
Конференция өз кәсібін кеңейту және дамыту үшін ақыл-кеңес пен қаржылай қолдау қажетсінетін кәсіпкер ханымдарға, шағын және орта бизнес иелеріне, атқарушы директорларға арналған. Іс-шараға сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдайтын әкімдіктер, банктер, инвестициялық компаниялар мен қорлардың өкілдері мен бизнес-кеңес берушілер қатысады.
Конференцияда бизнестің дамуы бойынша жоспарларды қолдауға арналған консалтинг қызметтер, инкубаторлар ме басқа да бизнес-қызметтер талқыланады. Конференцияға қатысу тегін, ол үшін www.wecon.kz сайтында тіркелу қажет. Өтініштер қаралып, конференцияға қатысу үшін шақыртулар жіберіледі.