Шымкентте Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында субұрқақтар маусымы ашылды. Маусым биыл жылдағыдан ерте іске қосылып отыр. Ал субұрқақтарды жөндеу, тазалау жұмыстары ерте көктемде басталған.

Жауапты мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына Наурыз мерекесі қарсаңында керемет көңіл-күй сыйлау үшін сәулеттік безендірумен қатар субұрқақты да іске қосқанын айтады.

Субұрқақтар енді жаз бойы және күздің алғашқы айында тұрғындарға салқындық сыйлайтын болады.

Ал одан соң сала мамандары келесі жылдың ақпан айында әдеттегідей жаңа маусымға дайындайды.