Үміт ақталмады… Шымкентте жоғалып кеткен екі жарым жасар баланың денесі Қарасу өзенінің Бадамға құяр сағасынан табылды.
Күні кеше қаладағы тойханалардың біріне баласымен келген ата-ана қас пен көздің арасында кішкене бүлдіршіндерін жоғалтып алған болатын.
Хабарландыру беріліп, іздестіру жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылған болатын. 100-ден аса адам жабыла іздегенімен нәтиже болмады. «Тірі болар» деп соңғы мезетке дейін үміт үзбеген көптің тілеуі орындалмады өкінішке қарай.
Құтқарушылар каналдың арнасын жауып, іздестіру жұмыстарын жалғастырған-тын. Кіп-кішкене бүлдіршіннің денесін судан алып шықты.