Наурыз мерекесінде әкімшілік іскерлік орталығындағы әуенді субұрқақ салқын лебін шашып, әсем көрінісімен көпшілікті қуанта алмайды. Облыс әкімі ғимаратының жанында орналасқан саябақ ішіндегі субұрқақтың 400 метрге жуық желілері қолды болды.

Естеріңізге салар болсақ, бұдан бұрын яғни, 26 ақпан күні осы нысандағы 450 метр желі ұрланған еді. Сала мамандарының айтуынша өткен жылы 6 түп қылқан жапырақты қымбат көшеттер де ұрланған екен. Бұл осыменен көпшіліктің демалыс орны саябақта жасалған төртінші ұрлық.

Бұл саябақта екі мыңға жуық ағаш көшеттері егілген. Қалалықтардың демалысы үшін қызмет жасап жүрген мамандардың айтуынша «бұрын мұнда құқық қорғау қызметкерлері кезекшілік жасаған. Екі жылдан бері бекет жоқ тіпті бейнеқондырғы орнату үшін де бірнеше мәрте өтініш жасалыпты. Бірақ ТҮКШ бөліміндегілер құлақ аспады» деп қынжылуда.