Турист тартудың тиімді жолы

409

Оңтүстік өңірінде туризм саласын дамыту мақсатында бүгінде кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Осыған орай Шымкентте 3 күн бойы семинар -тренингтер өтеді. Оның барысында мұражайлар мен ұлттық қорықтардың басшылары, қызметкерлері қызмет көрсету сапасын арттырудағы халықаралық талаптармен танысады.

Әлемдегі озық тәжірибелер жайында арнайы шақырытылған ЮНЕСКО ұйымының өкілі бөліседі. 90 жылдық тарихы бар Ақсу — Жабағлы қорығы – Орталық Азиядағы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны ретінде ЮНЕСКО-ның бақылауында. Ал қорыққа келетін қонақтар саусақпен санарлықтай. Оны арттырудың жолын басшы үйреніп жатыр.

Өңірде туризмді дамыту күн тәртібінен түспей тұр. Сала мамандары түрлі шаралар өткізіп, мамандардың тәжірибесін арттырып-ақ келеді. Бұл жолы ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен туристерді тарту үйретілді. Табиғаты керемет, тарихи орындарға бай өңірдің мүмкіндігін толық пайдалануды облыс аумағында орналасқан мұражайлар мен қорықтардың басшылары үйреніп жатыр.

Семинар- тренингті ЮНЕСКО ұйымының тәжірибелі мамандары жүргізді. Оқу бағдарламасы ЮНЕСКО ұйымының конвенциясы, этикалық кодексі, ынтымақтастық жұмысын және экскурсия жүргізушілерінің қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тақырыптар қамтылды.

Инфроқұрылымы жоқ болса да, туризм саласының мамандары келгендерді қызықтыра білуі керектігі айтылды. Бай өлке, тарихи ескерткіштер жайлы толыққанды әңгіме айтып, қонақжайлылық танытып, ұмытылмас саяхат сыйлаудың сыры айтылды.

Шынар Оразова