Халық қызметшілерінің беделі биік болуы тиіс

463

Мемлекеттік қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау бүгінгі күннің тәртібіндегі мәселе. Әдеп кодексінің талаптары сақталынуы да назардан тыс қалған емес. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті күні кеше осы тақырыпты талқы таразысына салды.

Халық қызметшілерінің өздерінің де жиі құқықтары бұзылатындығы белгілі болып отыр. Өткен жылы департаментке өз құқықтарының бұзылғандығы жөнінде 6 мемлекеттік қызметші арызданған. Аталмыш өтініштердің иелері атқаратын лауазымдарынан босату туралы аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеу, заңсыз тәртіптік жаза қолдану, заңсыз жұмыстан босату сынды деректер бар.

Бұдан бөлек мемқызметкерлердің іссапар шығындарын төлемеу секілді жәйттер тіркелген. Осы сипаттағы 1598 қызметкердің құқығы бұзылған. Аталған мәселе Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, іссапар қаржысы толық төленген. Бүгінгі күні агенттіктің негізгі бағыты мемқызметшілердің арасындағы тәртіптік теріс қылықтардың алдын алуға бағытталғанын айтуда. Бұдан бөлек өңірдегі департамент халық қызметшілерінің беделін биіктету, әдептілік деңгейін көтеру мақсатында қалта кітапшасын шығарып отыр. Ол өңірдегі барлық мемқызметшілердің жан қалтасынан табылуы тиіс, әрі тегін таратылыпты.

СНХ: Ғанижан Асанұлы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Бүгінгі күні әдеп кеңесінде қаралған профилактикалық мәселелер саны 2017 жылы арғы жылмен салыстырғанда 5 есеге артты. Яғни 2016 жылы әдеп кеңесінде барлығы 68 іс қаралған болса оның 8 -і ғана профилактиикалық тақырыптарға арналған болатын. Тәжірибе өзгерді. 2017 жылы қаралған 117 мәселенің 49 ы профилактикалық мәселе қаралған. 3 айдың ішінде әдеп кеңесінің 3 отырысы болды. Онда 22 мәселе қаралды. Оның 11-і профилактикалық мәселелер».