«Жаттығу залымызда омыртқасы ауыратын адамдарға арналған арнайы тренажерлар бар»

616

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы 2017 жылдың фитнес бағыты бойынша «Жыл бапкері» атанған Рустам Тәңірбергенов:

— Көктем келді, жұмыстарыңыз еселей түскен болар?
— Жұмыстың ең қызатын кезеңі осы көктем айы. Жаттығуға келетін адам көп. Бәрі жазға дайындалуда. Қыздар да, жігіттер де көп. Қазіргі таңда фитнес жақсы дамып келе жатыр. Сондықтан болар, залымызға келушілер өте көп.
— “Жыл бапкерін» қалай таңдайды ?
— Фитнес бағыты бойынша жарыс ұйымдастырылған. Бір, екі байқаулар болды. Өзіңнің қалай жаттығатыныңды көрсетесің, қандай шымыр екеніңді көрсетесің. Ұйымдастырушылар бағалайды.
— Сіз кезінде жай бапкер болсаңыз, бүгінде өзіңіздің спорт залыңызды аштыңыз. Ондағы мақсат не?
— Менің спортқа келгеніме 8 жыл болды. 4 жыл бойы осындай зал ашамын, мына жерде орналасады, оған мынанша адам келеді деген жоспармен жүрдім. Сол залда барлық адамдар өзін еркін ұстайды, нәтижеге жету үшін жұмыс істеймін деген мақсатым болды. Қасымда қаладағы ең мықты 3-4 бапкерім бар. Біріге жұмыс істейміз. Келушілердің барлығы да риза.
— Өзге залдарға қарағанда қандай ерекшелігі бар?
— Өзгешелігі ауыр салмаққа емес, таза денеге жұмыс істейді. Қыздар, жігіттер басқа залдарға зіл темірді көтеру үшін барады. Бәрі салмақ тастау үшін барады. Бұлшық еттерін шығару үшін келетіндер де бар. Қыздар дене тұрқының әсем болуы үшін келеді. Біздікі соған лайықталған зал. Одан бөлек залда омыртқасы ауыратын адамдарға арналған арнайы тренажерлар да бар. Салмақ түсірмейтін жаттығу құрылғылары бар.
— Көктем келгенде салмақ тастауым керек деп көпшілік ойлана бастайды. Тәні сұлу болуы үшін келетіндер көп пе, әлде салмақ тастау үшін келетіндер көп пе?
— «Сұлулық құрбандықты қажет етеді» дейді ғой. Сұлулық қасты қырып тастап, татуаж жасату емес, өз өзіне қарап аптасына 3 рет, 1 сағаттан жаттығу жасау керек. Ол өміріңіздің 4- ақ пайызын алады.