Үй тонағаны үшін 5,5 жыл…

559

Мақтарал АІІБ-ның полицейлері жергілікті тұрғындардың үйлерін тонау сериясын жасаған 19 жасар күдіктіні ұстады. Жас жігіт үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, жәбірленушілердің үйлеріне кіріп, ақша, алтын бұйымдар мен басқа да бағалы заттарды ұрлаған.

Осылайша өткен жылдың жазында ұрлықшы терезенің жақтауын ашу арқылы Жетісай қ. 33 жастағы тұрғынның үйіне кіріп, 100 мың теңгеден аса сомадағы зергерлік әшекейлерді ұрлаған.

Мақтарал АІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында өз ісін мойындаған күдіктіні ұстады, ол 1999 ж.т. жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 11 жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен миллион теңгені құрап отыр.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізген соң жинақталған материалдар сотқа жіберілді. Қазіргі таңда сот 19 жастағы ұрыны 5,5 жыл бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Оңтүстік Қазақстан облысы полицейлері тұрғындардың пәтерді ұрлаудың құрбаны болмас үшін сақ болуды және қауіпсіздіктің алдын алу шараларын ұстануды ескертеді. Өз тұрғын үйлерінде күзет сигнализациясын орнатуды, сенімді құлпы бар темір есік, ал терезелерге темір тор қою керек. Өзіңіздің бағалы заттарыңызды, ақша және зергерлік әшекейлерді қол жетімсіз жерлерде сақтаған жөн.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы