10 жасар баланы зорлады деп айыпталған бозбала ақталды

726

Шымкентте 10 жасар баланы зорлады деп айыпталған 16 жастағы бозбала ақталды. Былтыр ОҚО – на қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны көршісінің ұлы 10 жасар баласын бірнеше жыл қатарынан зорлап келген деп айыптаған болатын.

Алқа билердің қатысуымен өткен сот отырысында 16 жастағы бозбала ақталып шыққан еді. Бірақ жәбірленуші тарап апелляциялық шағым келтіріп, қайта сот тергеуін тағайындаған еді. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы істі кері қайтарған да еді. Қайта өткен сот процесі 10 жасар баланы зорлады деп айыптаған 16 жастағы бозбаланы ақтап шықты.

Әбинұр Қарабаев, ОҚО МАҚІЖС үйлестіруші- судьясы: «Бұл іс алқа билерінің қатысуымен қайта қаралды. 16 жастағы бозбала екінші рет ақталып отыр. Кінәсі дәлелденбеді».