Бүгінгі күнде Мақтарал ауданының аумағында 35 сыртқы бейне бақылау камералары бар, олар Мақтарал АІІБ-ның шағын жедел жоспарлау бөліміне қосылған, оның ішінде 20-сы Жетісай қаласында орнатылған.
Шағын жедел жоспарлау бөлімі өзі пайдалануға 2015 жылы енгізілген және заманауи технологиямен жабдықталған, полиция қызметкерлеріне онлайн-режимінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесін шешуге және қылмыстарды ашуға мүмкіндік береді.
Мысалыға, өткен жылы Мақтарал АІІБ-ның қызметкерлері шағын жедел жоспарлау бөлімі бейне бақылау камерасының көмегімен бірнеше қылмысты ашты, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау және жол-көлік оқиғасын жасап оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. Сонымен қатар, 2017 жылдың желтоқсанында полиция бөліміне Асық –ата ауылында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай «Ауди» автокөлігінің белгісіз жүргізушісі жаяу жүргіншіні соғып оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің екі бабымен «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы», «жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» тіркелген.
Мақтарал АІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында бейне бақылау камерасының көмегімен күдіктіні ұстады, ол 1989 ж.т. жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сот шешімімен ер азаматқа шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, бейне бақылау камерасының арқасында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті күзетуде күнделікті бақылауды жүзеге асырады, жол-көлік ережесін бұзғандарды, ұсақ бұзақылық пен басқа да «нөлдік төзімділік» аясында құқық бұзғандарды анықтайды. 2018 жыл басынан бері Мақтарал АІІБ қызметкерлері сыртқы бейне бақылау камераларының көмегімен 750-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықтап, ал құқызбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, Мақтарал ауданы ОҚО-да тығыз орналасқан аудандардың бірі болып келеді, жаяу көшелер мен қоғамдық орындарда орналасқан Мақтарал АІІБ шағын жедел жоспарлау бөлімі сыртқы бейне бақылау камералары бүгінгі күнде полицейлерге түрлі құқықбұзушылықтарға жедел әрекет жасап және қылмыстармен сәтті күресуде.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы