«Іскер ханымдар байқауына қатысыңыз!»

540

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы жеке кәсіпкер Динара Тілепова:

— Аумақтық кәсіпкер қыз — келіншектердің байқауын ұйымдастырғалы жатыр екенсіздер. Бұл республикалық байқауға іріктеу болмақ. Тарқатып айтып берсеңіз…
— Осы жылдан бастап алғаш рет «Бизнес леди Қазақстан» байқауын өткізу қолға алынып отыр. Бұл — премьера, бұл дебют деп айтсақ та болады. Өйткені бұған дейін мұндай байқау өткізілмеген. Жуырда ғана осы жобаны ұйымдастырушылар арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Жоба өте керемет. Бар күш жігеріп жанып, күш қуатын жұмсап кәсібін дөңгелетіп жүрген іскер қыз — келіншектер көп. Өзгелерге жұмыс тауып беріп, нарықта ойып тұрып орын алатын кәсібі бар ханымдарды елге таныту басты мақсатымыз болып отыр. Олар насихатқа зәру емес. Дегенмен қандай мақтауыңызға да лайық. Оларды тек күнгейге ғана емес бүкіл елімізге наситхаттау басты мақсатымыз. Бизнес ледилер бізде көп. Бірақ көбісі көріне бермейді. Өздері де қаламайды. «Мен, мен» деп өзін өзі жарнамалағанды ұнатпайды. Күнгейдегі қыз келіншектер қандай бизнеспен айналысып, қоғамда қандай ролі бар, елімізге қандай үлес қосуда соның бәрі айшықталады. Көбіне әйел үйде отыруы керек, бала бағуы керек деген түсінік қалыптасқан. Негізінде әйелдердің атқарып жүрген жұмыстары өте ауқымды. Олардың жеке өмірін ғана емес еліміздің саясатына, мәдениетіне, қандай құрылысшы болып, қандай қалаушы болып жатқанын көрсеткіміз келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша үйлестірушілер Ержан Мұқаш және мен, Қайрат Карибаев атсалысып іскер күнгейлік ханымдарды шақырып жатырмыз. Өздерінің білімдерін, біліктіліктерін көрсетуге. Сайыс 16 мамыр күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында болады. Кешкі сағат 18:00- де басталады. Барлық іскер ханымдарды шақырамыз. 8 778 222 77 69 нөміріне хабарласып, барлық шарттарды білуге болады. Бұдан алдын Петропавлда, Ақтөбеде өтті. Өте жоғары деңгейде өтті. Шымкент тойға жақынбыз, шоуға жақынбыз. Басқа қалалардан асырып өткіземіз деген ойдамыз.
— Бұл байқаудың жалғасы болатын шығар?
— Бұл бір күндік сайыс емес. Маңызды жоба. Сайысқа қатысқандарды халықаралық форумдарға қатысуын қамтамасыз етеміз. 20-22 мамырда Испанияның Мадрид қаласында өтетін іскер ханымдар форумына шақырамыз. Ол жаққа ұлттық киімдер алып барамыз. Бұдан алдын құрт, сәукелені апарғанда таң қалған болатын. Киізден жасалған дүниелерді апарамыз. Астанада жылдың аяғында финал өтеді. Оған осы байқауда жеңіп шыққан шымкенттік іскер ханым қатысатын болады.