«Нұрсәт» шағынауданындағы «Изуми» СЖ-де Джимано Джентли және Енрике Маринелли әлемдік брендтердің шоу румы ашылды. Дүкенде бірнеше маусымға арналған түрлі талғамға сай киім үлгілері ұсынылған.
Подиумға шығар алдында модель жігіттер итальяндық әлемдік брендтер Enrico Marinelli мен Джованни Джентлидің киімдерін киіп көруде. Таңдау үлкен, бағалары да қалтаға қонымды.
Нұрлан Сманов, сатып алушы: «Бұл брендтердің киімдері денеңе қона кетеді. Өзіме қатты ұнайды. Бұл брендтерді таныстыру ғана емес, көйлек көншегін киюдің өзі рахат!».
«Изуми» СО-да жаңа шоу румның ашылуы жастар жағын ғана емес, аға буынды да қуантты. Өйткені сапалы киімдерге сұраныс та көп. Стиль, талғам мен баға — барлығы үйлесімді.
Махмут Онал, Giovane Gentile өкілі: «Біз шымкенттік сатып алушының ең сәнді және стильді болғанын қалаймыз. Шымқалалықтар сәнмен, талғап киінеді. Бұл маусымда ең кірпияз, талғампаз сатып алушының өзі қажетін «Изумиден» таба алады».
Шоу румда ерекше киімдер де бар. Бұл иістерді білдірмейтін жаңа матадан тігілген костюмдер. Егер шопингтен шаршап, дем алғыңыз келсе «Изуми» сауда орталығында кофехана да ашылған. Мұнда дәмі тіл үйірер тәттілерден дәм татып, рахаттана тыныға аласыз.
Жанар Есенбекова