Әйел басшылардың саны жағынан ОҚО Алматыдан кейінгі екінші орында. 2016 жылы Кәсіпкерлердің 30 пайызын іскер әйелдер құраса, былтыр 45 пайызға жеткен. Қазақстан бойынша тауар өндірушілер арасындағы нәзік жандылардың үлес салмағы 40 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін өткен «Әйел және бизнес-ашық диалог» атты конференцияда айтылды.
ОҚО әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша бизнес конференцияға ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының хатшысы Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы қатысты. Оңтүстіктің іскер әйелдер қауымдастығы 2015 жылдың 15 мамырында ашылған. Алғашында 120 белсенді кәсіпкерлер мүше болса, бүгінде олардың қатары күн санап артып келеді. Бүгінгі бизнес конференцияға да күнгейдің кәсіпкер келіншектері көп жиналды.
Жанат Қошқарбаева, Кентау қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы: «Мұндай жиындардың кәсіпкер қыз келіншектерге берері мол. Бір бірімізден үйреніп, тәжірбие алмасып, пікірлесіп, бір қауышып қаламыз. Оңтүстік қана емес, бүгінгі конференцияға көрші Тараздан да іскер әйелдер қатысып жатыр. Ләззат Керімқұлқызының қатысуы да, бізге құлақ асып, пікірлесуі де кәсіпкер қыз келіншектерге кәдімгідей дем береді»