Күнгейде татуластыру орталығы ашылады

638

Татуластыру орталығы ашылмақ. Жақын арада еліміздің барлық өңірінде осындай орталықтар ашылып, еңбек дауларын реттемек. Бұл соттардың жұмысын жеңілдететін жоба болмақ. Бұл жаңалықты өңірімізге арнайы іссапармен келген Парламент Мәжілісінінің депутаты Мансурхан Махамбетов айтты.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кәсіподақ автивімен өткен жиында талқы таразысына салынған мәселелер аз болған жоқ. Ең алдымен әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған Елбасының 5 әлеуметтік жобасының ілкімді тұстары қаузалды.

Бұдан бөлек кәсіподақ жұмысын ілгерілету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, кәсіпорындарда қауіпсіздік кеңесін құру туралы жан-жақты талқыланды. Еліміздің ертеңгі болашағы жастарға жағдай жасау мәселесі тілге тиек болды. Жастарға жатақхана салу, студенттерге сапалы білім беру, кәсіби маман етіп шығару қажеттігі турасында пікірталас болды.

Мансурхан Махамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаты: «Қандай білім болмасын оның сапасы болуы керек. Мамандықтың жаманы жоқ, тек қана кәсіби маман болу керек. Бүгінгі таңда сондай сұранысқа келдік. Мамандық иесі жұмыс іздемеуі керек. Кәсіби маман болса жұмыс оны іздейтін заман келді. Сондықтан да ең алдымен маманның сапасын көтеру күн тәртібінде тұрған мәселе. Елбасының бұл бастамасы түйіткілді мәселелердің көбісін шешеді деп сенемін. Қоғам болып қолдау көрсетуіміз керек».